• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Бәсеке буынды бекітеді

192 рет
көрсетілді

Өскемендегі «Жекпе-жек» спорт сарайында еркін күрес­тен өткен жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионатына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 200-ден астам спортшы қатысты. Командалық есеп бойынша қыздар арасында үздік болып Ұлан ауданының спортшылары танылды. Олар түрлі салмақта бес медальға қол жеткізді. Ал ұлдар арасында өскемендіктерге тең келер қарсылас болмады, олар тоғыз медальды қанжы­ғаларына байлаған еді. Дегенмен, жарыс қорытын­дысында Семей қаласының балуандары 10 медаль иеленіп, бірінші орынды жеңіп алды. Олардан кейін­гі тұғырға өскемендіктер жай­­ғасса, үшінші орынға Жарма ауда­нының балуандары табан тіреді. Көкпекті ауданындағы Са­мар ауылының намысын қор­ғаған жас балуан, «Азия бала­­лары» халықаралық ойында­рының күміс жүлдегері, облыс­тық және республикалық чемпио­наттардың жеңімпазы Шыңғыс Мұхамедқалиевтың айтуынша, осы жарысқа қатысушы өрендердің әрқайсысының арманы – облыстың атын әлемге таныту, байрақты бәсекелерде қазақтың көк туын желбірету. Спортшының өзі осы жолғы бәсекеде 76 кило салмақ дәреже­сінде топ жарды. Енді облыстың мықты деген жас балуандары Ақмола облы­сының Шучье қаласында өтетін республикалық сайысқа қатысатын болды. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист ӨСКЕМЕН