• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Трамп бір жылдық жалақысын қайырымдылыққа бермек

227 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп бір жылдық жалақысын толығымен қайырымдылыққа береді, деп хабарлады Ақ үйдің өкілі Шон Спайсер. Бұл туралы ВВС жазды. Оның айтуынша, Трамптың бір жылдық еңбекақысы 400 мың долларды қамтиды. Бірақ әзірге оның қаражаты қандай мақсатта жұмсалатыны белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, сайлау барысында Трамп президент жалақысынан бас тартатынын айтқан болатын. Заң бойынша ол 1 доллар жалақыға еңбек ететінін мәлімдеді. Сонымен қатар Дональд Трамп бизнес карьерасында ешқашан қайырымдылыққа қаражат бөлмегені үшін сынға ұшыраған болатын. Ал Forbes журналының 2016 жылғы рейтингінде Трамптың байлығы 3,7 млрд долларға бағаланған.

АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің ішінде Герберт Гувер мен Джон Кеннеди өз еңбекақыларын қайырымдылыққа берген болатын.