• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Кәрім Мәсімов терроризмге қарсы күрес орталығының отырысын өткізді

168 рет
көрсетілді

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы күрес орталығының XIX отырысын өткізді, деп жазады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. Консультативтік-кеңесші органның жұмысына Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары А. Әбдімомынов және Бас прокурор Ж. Асанов қатысты. Отырысқа қатысушылар Елбасының «Қазақстанның киберқорғанысы» киберқауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шараларын қарастырды. Идеологтар мен деструктивті діни ағымдарды уағыздаушылардың қызметін бейтараптандыру тиімділігін арттыру жұмысының жағдайы мен қосымша шаралары талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша хаттама шешімдері пысықталды және қабылданды.