• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Қарағанды облысының әкімі ауысты

231 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының әкімі болып Қазақстан Республикасы Премьер-министр Кеңсесінің басшысы Ерлан Жақанұлы Қошанов тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Бұл қызметте ол 2014 жылы 20 маусымда Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған Нұрмұхамбет Әбдібековті ауыстырды. Ерлан Қошанов 1962 жылы 14 тамызда дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын (1984) инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. ҚЛКЖО Жезқазқан облыстық комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі (1988-1990), Жезқазған облыстық сыртқы-экономикалық байланыс комитетінің жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы болды (1990-1995). Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі (1999-2003), ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары (2001-2003), ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі (2003-2006), ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2006-2007) қызметтерін атқарған. 2012 жылдан ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі болды.