• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Қаңтарда сыртқы сауда айналымы 5 млрд долларды құрады

142 рет
көрсетілді

2017 жылғы қаңтарда сыртқы сауда айналымы 5 млрд 263  млн долларды құрап, 2016 жылғы каңтармен салыстырғанда 21,1% артты, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде экспорт – 3,27 млрд доллар (18,9% көп), импорт – 1,98 млрд долларын құрады (25% көп). Тұтыну бағасының индексі 2017 жылғы ақпанда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,8% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 2,6%, азық-түлік емес тауарларға – 1,3%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 1,2%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы қаңтарда 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,7% жоғарылады.