• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Қазақстанда 10 жылда ана өлімі 3,5 есеге азайды

185 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқасында Қазақстанда негізгі медициналық-демографикалық көрсеткіштердің оң серпіні байқалған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп жазады primeminister.kz. Министрдің айтуынша, Қазақстандағы денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштері оң серпінге ие. Соңғы он жылда өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұзарды. Ана өлімі 10 жылдың ішінде 3,5 есеге азайды, қатерлі өскіндерден ауыру мен өлім көрсеткіштері 2015 жылмен салыстырғанда төмендеді. Жарақаттар мен уланудан өлім деңгейі он жылдың ішінде екі есеге төмендеген, дегенмен қазіргі таңда ол ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда бұрынғысынша жоғары деңгейде сақталуда. Естеріңізге сала кетсек, денсаулық сақтаудағы ЭЫДҰ стандарттарына қол жеткізу үшін 2016 жылы Қазақстанда Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмыстары басталған болатын.