• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Астанада 600 адамға қазақ тілінен тегін курс беріледі

235 рет
көрсетілді

Елордада азаматтарға қазақ тілін үйрету курстары ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта тегін курстарға тағы да 600 адам жазыла алады, деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты. Ол үшін 27 наурызға дейін Тілдерді дамыту басқармасына өтініш беру керек. Жыл соңына дейін тіл үйрену курстары тегін болады. Курсқа жазылу үшін мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 55 67 26, 55 67 21.