• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Қытайда сотталған үш адам Қазақстанға қайтарылды

168 рет
көрсетілді

2017 ж 14 наурызда Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің көмегімен және ҚР Бас прокуратурасының қатысуымен Қытайда сотталған және жазаларын өтеп жүрген ҚР 3 азаматы қазақстандық тарапқа тапсырылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлгінің баспасөз қызметі хабарлады. Сотталған азаматтарды елге қайтару туралы уағдаластыққа ү.ж. 1 наурызда Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың ҚХР Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицянмен болған кездесуі кезінде қол жеткізілді. Қазіргі таңда Қытай аумағында түрлі қылмыстарды жасағаны үшін сотталған 9 қазақстандық азамат жазаларын қытайдың түзету мекемелерінде өтеп жүр. «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарттың» күшіне енуін (2011 ж. 22 ақпанда қол қойылды) ескере отырып, Елшіліктің консулдық қызметі ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға және сотталған азаматтарды Отанына қайтаруға бағытталған тиісті іс-шараларды жалғастыруда. Жақын арада Қытай тарапымен ҚР-ның тағы да Қазақстанның үш азаматын елге қайтару туралы сұрағы қарастырылады. 2015 ж қыркүйектен бастап қытайлық тараппен жазалаудың түрлі мерзімімен ҚХР аумағында айыптарын өтеп жатқан 14 Қазақстан азаматы табысталғанын еске саламыз.