• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Ақпанда шетелдіктердің Қазақстанда жұмыс істеу үшін 2 мың рұқсат берілді

138 рет
көрсетілді

2017 жылдың ақпан айында жергілікті атқарушы органдар 476 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында 2063 рұқсат беріп, олар 436,9 млн теңге көлемінде салық төлемін жасады, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Аталған рұқсаттама құжаттарды тікелей жергілікті атқарушы органдардан немесе «электрондық үкімет» порталының «бірыңғай терезесінен» алуға болады. Еске сала кетсек, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартудың жаңа жеңілдетілген тәртібінің енгізілуіне байланысты жұмыс істеу рұқсаттарын беру мерзімі қысқартылды және жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік талаптар алынып тасталды. Бұл ерекше шарттардың орнына жұмыс беруші жергілікті бюджетке төлейтін жаңа салық алымы енгізілді. Алым мөлшерлемесі шетелдік жұмыс күшінің санаты мен саласына қарай 137 АЕК-тен 250 АЕК-ке дейінгі шамада белгіленеді, бұл  290 мың мен 530 мың теңге аралығы. Аталған ретте жұмыс берушілерге қойылатын мамандардың жергілікті қамтылым жөніндегі шарттарды сақтау талаптары өзгермейді, яғни басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша кемінде – 70%, ал мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кемінде – 90%.