• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Бүгін Астанада исламдық қаржыландыру туралы форум өтті

112 рет
көрсетілді

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы Орталығы (АХҚО) мен REDmoney Group бірлесіп ұйымдастыруымен IFN ТМД Форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты – ТМД елдеріндегі исламдық қаржыландырудың дамуына, аймақтағы инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеуге ықпал ету, сонымен қатар қатысушыларға өзара байланыс құрып, серіктестік қарым-қатынастарды бекітуге мүмкіндік беру. Форумда АХҚО Басқарушысы Қ.Келімбетов, Катар Ұлттық Банкі Төрағасы Шейх Абдулла Бин Сауд Аль-Тани, Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының басшысы Халид Аль-Абуди, Masraf Al Rayan Директорлар Кеңесінің Төрағасы Хуссейн Али Аль Абдулла, Катар Қаржылық Орталығының Төрағасы Майкл Райан, Қырғыз Қор Биржасы Басқарма Төрағасы А. Султанов, Qatar Investment Authority Катар Инвестициялық Қорының бизнесті дамыту департаментінің директоры  Шейх Абдулазиз бен Али Аль-Тани, Ресей Банкі Төрағасы Кеңесшісі А.Симановский, Қазақстан Даму Банкі Төрағасы Б.Жәмішев, Nomura Asset Management Бас директоры Рамлие Камсари, Amundi Islamic Атқарушы директоры Арсад Синуун, Nastaq Dubai бизнесті дамыту Төрағасы Тахир Махмуд, Татарстан Республикасы инвестициялық даму Агенттігі, Bahrain Institute of Banking and Finance, Finance Accreditaion Agency өкілдері және т.б. қатысты. АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, исламдық қаржыландыру АХҚО жұмысындағы бес негізгі бағыттың бірі, қазіргі күні осы бағытта ислам қаржыландыруы институттарына құқықтық және регуляторлық қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты. Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының басшысы Халид Аль-Абуди ислам қаржыландыруының ТМД-гі мықты әлеуетіне тоқталып, ислам қаржыландыруының  инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды әртараптандыруға мүмкіндік беретінін айтты. Оның айтуынша, ислам микронесиелеуі кедейшіліктен арылуға әсер ететін негізгі құралдардың бірі. Форум кезіндегі «ТМД-дегі ислам қаржысы дамуы жолындағы кедергілерді еңсеру» сессиясы кезінде дисскуссияның қатысушылары аймақтағы ислам қаржыландыруының өсіміне бағытталған өз ұсыныстарын айтты. «Ислам қаржыландыруы алғышарттарына сәйкес капиталды тарту арқылы аймақтық дамуға ықпал ету» атты сессия кезінде ТМД елдері орта және шағын бизнес өкілдері ислам қаржысын тарту бойынша қандай тиімділікке қол жеткізе алады, мұнай-газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, халал индустрия салалары бойынша аймақтық ресустардың дамуына ислам қаржысының қандайлықты әсері болатыны туралы талқылады. Форум кезінде Аймақтық қаржылық реттеушілер кездесуі өтіп, онда қатысушылар құқықтық және нормативтік база дамуы мәселелерін қарастырды. Сарапшылар, сонымен қатар, ислам қаржыландыруының өсімін қамтамасыз ететін қосымша іс-шаралардың қабылдануы мүмкіндігін де айтты.