• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Келесі жылдан бастап АИ-80 бензині шығарылмайды

133 рет
көрсетілді

Келер жылдан бастап елімізде АИ-80 маркалы бензин шығарылмайды, деп хабарлады 24.kz. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, биыл екінші жартыжылдықта Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталады. Содан кейін елімізде Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай мен дизель отыны шығарылатын болады. Ал Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін бітуі тиіс. Сондай-ақ, министр елдегі жанармай бағасы халықтың орташа табысына қаншалықты сай келетіндігі жөнінде пікір білдірді. «Мен халықтың орташа табысы мен бензиннің бағасын салыстырып көрген жоқпын. Бірақ Ресейді алып қарасақ, онда АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы 180 теңгеден асады. Әрине, Еуропамен салыстырсаңыздар, баға басқаша болады», – деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.