• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Букмекерлік кеңселер Головкиннің айқасына ерекше бәс қабылдай бастады

115 рет
көрсетілді

Букмекерлік кеңселер Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы кездесуге ерекше бәс қабылдай бастады. Қазақстандық боксшы рингке қазақтың ұлттық шапанымен шығатыны белгілі. Головкин шапансыз шығады деген варианттың коэффициенті 33-ке тең болмақ. Ал жаттықтырушылардың бірі шаршы алаңға орамал тастау мүмкіндігіне 11 коэффициент беріп отыр. Келл Брук пен Головкин арасындағы жекпе-жек кезінде британ боксшысының бапкері осындай қадамға барған-ды. Жақында Кертис Стивенс-Дэвид Лемье арасындағы айқаста Стивенс ауыр нокаутқа ұшырады. Шамамен он секундтай көзін аша алмады. Осындай жағдай Головкин мен Джейкобс арасында болу мүмкіндігі 33 коэффициентке бағаланған. Сол сияқты раунд арасындағы үзілісте қос боксшының бірі жекпе-жекті жалғастырудан бас тартады деген жорамалдың коэффициенті 7,80-ге тең болмақ. Ал кәдімгі бәс тігуде Головкин фаворит ретінде есептеліп тұр. Оның жеңісіне 1,15 коэффициенті берілді. Мерзімінен бұрын жеңіске – 1,27, төрешілердің шешімімен жеңіске – 7 коэффициент. Джейкобсқа келер болсақ, оның жеңу мүмкіндігі 6 коэффициентке, мерзімінен бұрын немесе төрешілердің шешімімен жеңу мүмкіндігі 12 коэффициентке бағаланып отыр. Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы айқас 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.