• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Еркебұлан Сейдахмет «Зенит» сапында кезекті ойынға қатысты

124 рет
көрсетілді

Қазақстандық жас талант Еркебұлан Сейдахмет Италияда өтіп жатқан «Viareggio Cup» турнирінде «Зениттің» жастар командасының негізгі құрамымен алаңға шықты. Еркебұлан ресейлік ұжыммен бірге италиялық «Эмполи» клубына қарсы ойнады. Алаңда ол барлығы 59 минут өткізіп, бір сары қағаз алды. Ал кездесу 1:1 есебімен аяқталды. «Зенит» сапынан Кирилл Капленок 28-минутта есеп ашса, 67-минутта Оливейра таразы басын теңестірді. Айта кетейік, 17 жастағы Еркебұлан Сейдахмет бақылаудан өту үшін «Зениттің» жастар командасынан шақырту алған. Бүгінге дейін ол барлығы 4 матчқа қатысып, 1 голдың авторы атанған.