Мемлекет басшысының Жарлығымен Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков Қазақстан Республикасының Әділет министрі қызметіне тағайындалды.
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Әркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы қызметінен;
Елена Леонидовна Бахмутова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің төрайымы қызметінен босатылды.