• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

269 рет
көрсетілді

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы қызметіне Жолдас Қалмағанбетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен Дін істері басқармасына Жолдас Қалмағанбетов басшы болып тағайындалды. 39 жастағы Жолдас Нұрланұлы жоғары білімді. Ол Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын Темір ауданында жалпы білім беру мектебінде бастады. 2004-2009 жылдар аралығында Темір ауданындағы Тасқопа және Шұбарши селолық округтерінде әкім болды. 2009 жылдың тамыз айында Темір аудандық білім бөлімін басқарып, 2015 жылдың сәуірінен бастап Темір ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.