• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2011

Мәжіліс бюросының отырысы өтті

349 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәсе­ле­лер сараланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Аграрлық мәселелер комитеті кейбір заңнамалық актілерге орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бо­йынша өз­герістер мен толық­тыру­лар енгізуді көздейтін заң жобасы бірінші оқы­лымға дайын екенін мәлімдеді. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті депу­тат­­тар­дың талқысына «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қор­ғау органдары мен арнайы қыз­мет­терін жарақтандыру үшін ар­найы техника мен арнайы құрал­дарды жеткізудің жеңілдікті шарт­тары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы шы­ғарылатынын хабарлады. Сонымен қатар, «1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік ту­ралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техни­калық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімнің шең­берінде жеткізілетін әскери мақ­сат­тағы өнімдердің нысаналы пай­да­ланылуын бақылауды жүзеге асы­ру тәртібі туралы хаттамаға толықтыру енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы», «1992 жыл­ғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіп­сіз­дік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау туралы» және «Мемлекеттік (муниципал­дық) сатып алу туралы келісімді  ратификациялау туралы» жаңа заң жобалары бойынша қорытынды әзір­леу мәселелері күн тәртібіне ұсы­нылатын болды.