• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Наурыз, 2017

Джейкобспен реванш жекпе-жек өткізуге дайынмын ­– Головкин

170 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобсқа қарсы жекпе-жегі туралы пікірін білдірді.

«Үлкен жекпе-жек өтті. Бұл — бокс. Маған дәл осындай айтулы кездесулер қажет болатын. Дэнни мықты боксшы. Алғаш рет өзімді сынақтан өткіздім. Егер Дэниел екінші рет айқасқысы келсе, мен оған дайынмын», ­– деді Головкин.

Осы жеңісінен кейін Геннадий америкалық Бернард Хопкинстің (55-8-2, 32 КО) орнатқан рекордына жақындай түсті. Хопкинс 1995-2005 жылдар аралығында орта салмақтағы белбеулерін 20 рет қорғаған. Ал қазақстандық боксшы осымен 17-ші рет титулдарын қорғап отыр.

Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында Геннадий Головкин Дэниел Джейкобспен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Джейкобс карьерасында екінші мәрте қарсыласына есе жіберіп отыр.

Соңғы жаңалықтар