• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Наурыз, 2017

Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобсты ұпай саны бойынша ұтты

210 рет
көрсетілді

Кәсіпқой бокстағы боксшылардың Меккесі саналатын Madison Square Garden аренасында орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобсқа қарсы жекпе-жек өткізіп, ұпай саны бойынша жеңді. Головкин Madison Square Garden аренасында бесінші рет жұдырықтасып, бесеуінде де жеңіске жеткенін айта кетейік.

4 раундтың 40 секундында Дэниел Джейкобс нокдаунт алып қалды. Ал, 12 раунд бойы Геннадий қарсыласын соққылаумен болды. Дегенмен, соңғы раундта Джейкобс жақсы жұдырықтасып, соққыларын Геннадийге дарыта алды.

Осылайша 34-жастағы Геннадий Головкин карьерасындағы 37-ші кездесуіндегі 37-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал, қарсыласы Дэниел Джейкобстың мансабындағы екінші жеңілісі. Ол бұған дейін ресейлік боксшы Дмитрий Пирогтан нокаутпен ұтылған.

Бұған дейін Геннадий Головкин 33-қарсыласын мерзімінен бұрын ұтса, қатарынан 23-ші жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған рекорды осымен аяқталды.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин алғаш рет 12 раунд жұдырықтасып отыр.

Головкинге бұл жекпе-жекте 2,5 миллион доллар, ал, оның бәсекелесі Джейкобс 1,75 миллион доллар сыйақы берілді деп хабарланған.

Айта кетейік, Геннадий Головкин орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Ол WBA (Super) белбеуін 17-ші, IBO белбеуін 15-ші және WBC белбеуін 2-ші рет қорғады.

Геннадий Головкин келесі кездесуін 17-маусым күні ЭКСПО аясында Астанада британиялық Билли Джо Сондерске қарсы өткізуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар