Орта салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Дэниел Джейкобс жекпе-жек алдындағы HBO телеарнасының салмақ өлшеуінен бас тартты.
Бұл туралы ESPN телеарнасының сарапшысы мен америкалық танымал спорт шолушысы Дэн Рафаэль өзінің туиттер парақшасында хабарлады. Оның хабарлауынша, жекпе-жек алдындағы HBO телеарнасының салмақ өлшеуінде Головкиннің салмағы 170 фунт болған.
Ал, ресми салмақ өлшеуде Геннадий Головкин 159,6 фунт (72,39 килограмм), Дэниел Джейкобс салмағы — 159,8 фунтты (72,48 килограмм) құраған болатын.