• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Наурыз, 2017

Ұлыбритания Брекситті 29 наурызда бастайды

233 рет
көрсетілді

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 29 наурызда Корольдіктің Еуроодақ құрамынан шығу үдерісін бастайды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Бұл туралы Тұманды Альбионның Еуроодақтағы тұрақты өкілі Тим Барроу Еурокеңес басшыларына мәлімдеген. Бұған дейін Британия үкіметі одақтан шығу үдерісінің наурыз айының соңына дейін бастайтынын айтқан.

Естеріңізге сала кетсек, 14 наурызда аталмыш құжатты парламент мақұлдаған болатын. Ұлыбританияның Brexit мәселелері жөніндегі министрінің мәлімдеуінше, үкімет 2016 жылдың маусымындағы халық таңдауын ресми түрде орындауға келесі сәрсенбіде кіріседі. Ал жалпы келіссөздер екі жылға созылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар