• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 21 Наурыз, 2017

Қазақстандық кәсіпқой боксшының қарсыласы ауысты

140 рет
көрсетілді

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының қарсыласы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін төрт кездесу өткізіп, барлығын да мерзімінен бұрын аяқтаған Айдос Ербосынұлы 23 наурыз күні Нью-Йоркта жергілікті боксшы Майкл Митчеллмен  (4-7-2) жұдырықтаспақ болған. Алайда, жекпе-жек жақындаған уақытта қарсыласы белгісіз себептерге байланысты кездесуден бас тартты. Енді ол тағы бір америкалық боксшы Риаруса Дадлимен (5-1-1, 2 КО) айқаспақ. Біздің отандасымыз Айдос Ербосынұлы төрт кездесудің екеуін Украинада, қалған екі жекпе-жекті өз елімізде өткізген болатын. Ал 23 наурыздағы айқас оның АҚШ аумағындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.  

Соңғы жаңалықтар