22 наурыз күні Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша «Өңірлерді дамыту 2020» Бағдарламасына қатысқан жас отбасыларға жаңа пәтерлердің кілтін табыстамақ.
Жалпы, аталған үйде 108 пәтер берілуге дайын. Оның 72-сі бір бөлмелі, 36-сы екі бөлмелі пәтерлер. Бұл баспаналардың әр шаршы метрі 90 мың теңге тұрады.
Аталмыш бағдарламаға өтініш берген уақытта жастары 29-ға толмаған, некеге тұрғандарына кемі екі жыл болған жас отбасылар, сондай-ақ, толық емес отбасылар қатысқан.
Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ