• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Наурыз, 2017

Алматы облысында 2 миллионыншы тұрғын дүниеге келді

145 рет
көрсетілді

Еңбекшіқазақ аудандық перинаталды орталығында Алматы облысының екі миллионыншы тұрғын өмірге келді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Екі миллионыншы тұрғынның ата-анасы Жарқынай Еменақынова мен Диас Шормановтың отбасын облыс әкімі Амандық Баталов арнайы барып құттықтады. 

- Наурыз мейрамы ежелден жаңа өмірдің, тың тіршіліктің, үміт пен сенімнің бастауы саналады. Сондықтан Наурыздың шығыс халықтарында Жаңа жыл ретінде аталып өтілуі орынды. Жаңа жылымыз Алматы облысында екі миллионыншы тұрғынның өмірге келуімен басталып отыр. Сәбидің жарық дүниеге келуі – отбасы үшін әрқашан ерекше оқиға, ал облыстың екі миллионыншы тұрғынының өмірге келуі – өңіріміз үшін тарихи сәт. Сәбидің ата-анасын шын жүректен құттықтаймын. Біздің кішкентай нәрестелеріміздің елімізде болашағы зор, ертеңі айқын болады деп сенемін! – деген Амандық Баталов жас отбасына екі бөлмелі пәтердің кілті мен нәрестеге қажетті заттарды сыйға тартты.

«Әрбір ана үшін сәбиді өмірге әкелу – үлкен мереке. Мен үшін де бүгінгі күн ерекше маңызды. Екі бөлмелі пәтер сыйлап қуанышымды екі еселеп тастадыңыздар. Отбасымның атынан ана мен балаға, дені сау ұрпақ дүниеге әкелуге барлық жағдайды жасап отырған Мемлекет басшысына зор алғысымды білдіремін. Сәбилі болумен қатар үйлі деп болып жатырмыз. «Әр бала өз несібесімен туады» дегенді бабаларымыз бекер айтпаған екен. Еліміздің, Жетісу өлкесінің дамып, гүлденуіне шын жүректен тілектеспін», - деген жас ана облыс әкімі А. Баталовқа ұлына ат қоюды ұсынды. Балаға Нұрсұлтан деген ат қойылды.

Жалпы, Алматы облысында жыл сайын орта есеппен өмірге 110-115 мың бала келеді.

Соңғы жаңалықтар