• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2017

Өскеменде 30 киіз үй тігіледі

870 рет
көрсетілді

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін ұлықтау бағытындағы шаралар Шығыста 17 наурыздан басталып кетті.

17 наурыз күні Өскемендегi Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде қалалық "Жiгiт сұлтаны" сайысы өтіп, Астана мен Өскемен шаһарларының ақсақалдары тәжірибе алмасты.

18 наурызда облыс орталығындағы "Дос-Нар" сауда үйінiң маңында мерекелік iс - шаралар ұйымдастырылып, наурыз көже тегін таратылды. 

Өскемендегi Наурыз мерекесіне арналған негізгі iс-шаралар 22 наурыз күні республика алаңында өтетін болады. Қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Мақсат Әкрамовтың айтуынша, бұл күні алаңда 30 киіз үй тігіліп, түрлі мәдени iс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар "Қош келдің, Әз-Наурыз" атты театрландырылған көрiнiс жұртшылық назарына ұсынылады.

 Азамат ҚАСЫМ, " Егемен Қазақстан" 

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар