• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 21 Наурыз, 2017

Президент Назарбаев: Наурыз қазақтың Жаңа жылы болуы керек

347 рет
көрсетілді

Астанада «Сарыарқа» велокешенінде өткен гала-концерті барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
"Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз мерекесімен шын жүрегіммен құттықтаймын! Бүгін Қазақстанның әр өңірінде осы мерекені тойлап жатқан xалқымыз бар. Бұл - бабаларымыздың бағзы заманнан бері тойлап, бізге қалдырған аманаты, береке-бірліктің, ізгіліктің жолы болсын деген тілеуі, жақсылық пен келісімнің жаңа күннің символы. Осы кезден бастап, күн ұзарып, түн қысқарып, жарық сәулесі жерге түсіп, көктемнің басы болып саналады. Наурызда xалқымыз жиналып, бұлақтардың көзін ашып, жасыл-желек отырғызып, болашаққа көз тігетін болған. Наурыз көже жасап, ағайын-туыс, көрші бір-бірімен қатынасып, дәм татып, болғанды естеріне түсіріп, ренжігендер бір-бірінен кешірім сұрап, көрісіп, қауышып, бір-біріне сүйіспеншілігін көрсететін болған. Руxани тілеудің ақжарма мейрамы болып саналатын бұл ғажайып шақта аспаннан алтын күннен нұр төгіліп, жерге алтын дән себілетінін білесіздер. Ел-жұрттың көңілінде жаңа үміт пайда болып, ертеңгі күнге сенім нығаяды. Сол себептен xалқымыз Наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Шынын айтқанда, Наурыз қазақтың Жаңа жылы болып есептелуі керек. Мыңжылдықтардан бері өзгермей келе жатқан осы заңдылық, биыл сол дәстүрінен жаңылған жоқ. Бұл мереке ұлт пен дінді талғамайды. Барлық халыққа ортақ мейрам. Бұл біздің мызғымас бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды көрсетеді. Жаратылыс атаулы жаңғырып, осы керемет күнде жақсы тілекте болайық", деді Елбасы.
Соңғы жаңалықтар