• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Наурыз, 2017

Түркістандағы Наурыз мейрамынан жасалған бейнеролик шықты

342 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде Түркістанда тойланған Наурыз мерекесінің дронмен түсірген видеосы пайда болды.

Бұл қалада биылғы Наурыз мерекесі кең ауқымда, айрықша аталып өткені белгілі. Оған себеп, Түркістанның биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануы және оған байланысты салтанатты жиынның Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келуі.

Қасиетті Түркістандағы бұл Наурыз жұртшылықтың ерекше назарын аударды. 21 наурыз күні облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасын салтанатты түрде ашып, Наурыз мерекесіне арналған Түркі әлемінің «Наурызнамасына» қатысқан болатын. Аталған шараға 23 мемлекеттен келген 300-ге тарта шетелдік қонақтар, халықаралық ұйым өкілдері, қазақстандық зиялы қауым және өнер тұлғалары, бұқаралық ақпарат құралдары мен оңтүстікқазақстандық тұрғындар, яғни, жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысты. Олардың ішінде, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және әр елдің жоғары лауазымды ресми өкілдері бар.

Мерекелік шаралардан түсірілген видеороликті Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жүктеген. Онда Түркістандағы Наурызда Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың мерекеде билеп, ән салған халық ішінде жүргені көрінеді.

Соңғы жаңалықтар