• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Наурыз, 2017

Оңтүстіктегі "Наурыз тойда" "Құрметті азамат" атағы тапсырылды

215 рет
көрсетілді

Шымкенттегі "Қазақ хандығы" алаңындағы Наурыз мерекесі ұлттық салт-дәстүрмен сабақтасқан әдемі ән-күймен, мың бұралған бимен, сахналық қойылыммен өрбіді.

Алаңға жиналған қарақұрым халық, арнайы шақырылған мәртебелі меймандар айнала тиген ақшаңқан киіз үйлерді аралап дастарханнан дәм татты. 

Мерекені құттықтау сөзбен ашқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бұл күні соғыс ардагері Бейсенбай Игісіновқа, кезінде өңірді біліктілікпен басқарған Болат Жылқышиевқа, жазушы Дулат Исабековке, облыс прокуроры Ибраһим Имановқа,сенаторлар Асқар Бейсенбаевқа, Қуаныш Айтахановқа, белгілі ғалым, тіл жанашыры Өмірзақ Айтбаевқа, еңбек ардагерлері Жеңісбек Мәуленқұловқа, Молдыбай Илясовқа, Шалатай Мырзахметовке, Оразкул Асанғазыға, Аманәлі Әбдірамановқа, Татьяна Бурмистроваға, Кәрсенбай Қунаққа, Азат Сатыбалдиевке, сатирик Көпен Әмірбекке, облыстық мәслихат депутаттары Шәріпбек Жамалбекке, Әбілқасым Досболовқа, дәрігер, профессор Дербісәлі Сексенбаевқа "Құрметті азамат" атағын салтанатты түрде тапсырды.

 Ғалымжан Елшібай,

"Егемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар