Apple корпорациясы сыртқы корпусы қып-қызыл iPhone 7 мен iPhone 7 Plus және жаңа iPad пен бейнеқосымша шығарды деп хабарлайды ВВС. Жаңа гаджеттерді сату 24 наурызда басталады.
Смартфондардың бағасы шамамен 1000 және 1200 АҚШ доллары шамасында болуы мүмкін.
Компания биыл 10-шы жыл СПИД-пен күрес бағдарламасына қатысып келеді. Бағдарлама RED деп аталады. Смартфондардың қызыл түсті корпуспен жасалу себебі осы. Арнайы сериямен шыққан құрылғыларды сатудан түскен ақшаның бір бөлігі Жаһандық СПИД-пен күрес қорына аударылады. Дәлірек айтқанда, ол ақша ВИЧ-ті зерттеу, оның таралуына тосқауыл қою бағдарламасына берілмек.
iOS-қа арналған жаңа бейнеқосымшаны қолданып, смартфон ұстаушылар қысқа клиптерді өздері монтаждауына болады. Екінші жаңа гаджет – 9,7 дюйм дисплейлі iPad.
RED бағдарламасының негізін U2 тобының әншісі Боно қалаған болатын. Компания мәліметіне қарағанда RED өнімдерін сату арқасында игі мақсаттар үшін 130 млн доллардан аса қаржы жиналған.