• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 23 Наурыз, 2017

Мирзиеев Назарбаевқа: «Сіздің сөздеріңіз екі елді қатты жақындатты»

150 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан және Өзбекстан Президенттері арасындағы келіссөздер жүріп жатыр.

Екеуара келіссөздер кезінде Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Қазақстанға сапарын тарихи деп санайтынын айтты.

«Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, өткен жылғы қыркүйекте Самарқандқа келгеніңізде Қазақстан мен Өзбекстан қашанда бірге болатынын айтқан едіңіз. Жақсылықты да, қайғыны да бөлісеміз дедіңіз. Бұл сөздер бізді жақындатты, бүкіл өзбек халқы нағыз дос әрі бауырдың қолдауын сезінді. Сіз өз досыңыз, Өзбекстан Республикасының бірінші президенті Ислам Каримовтің қабіріне арнайы келіп, құрмет білдірдіңіз. 

Сол сапардан бері бізде мүлдем жаңаша қарым-қатынас басталды. Соңғы бес айда бәрі қайта басталғандай болды» деді Өзбекстан Президенті.

Шавкат Мирзиеев Өзбекстаннан келген 250 кәсіпкердің Астанадағы бірлескен форумға қатысатынын айтты.

«Бұл сіздің Ислам Әбдіғаниұлымен бірге қалаған іргетасты бекіте түсетін болады. Бұл көпір беки түсетін болады. Біз қашанда Қазақстанды ең жақын, ең сенімді дос деп санаймыз. Алғашқы сапарымыздың бірінде Астанада отырғанымыз да көп нәрсені білдіреді. Тарихи тамырымыз, бүгінгі күндерімізден хабар береді. Біз кеше келіссөздерді бастадық. Бүгін болашақ қарым-қатынасымыз туралы сөз болады. Бірінші рет делегациямызбен парламент жетекшілері, қорғаныс министрлігінің жетекшілері келіп отыр. Бұл ведомстволар арасында бұрын мұндай тығыз қарым-қатынас болған емес» деді Мирзиеев.

Өзбекстан Президенті бұл сапарды тарихи сапар деп санайтынын айтты. «Өткен жылы әлем үшін тарихи құбылыс болды. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланды. Бұл бүкіл Орталық Азия мүддесі сіздің жетекшілігіңізбен қорғалатынын білдіреді. БҰҰ-дағы екі жылдық тұрақты емес мүшелік кезінде Ауғанстан бойынша шаралар қабылданады деп сенем. Бұл сіздің бастамаларыңыз. Өзбекстан қашанда мұның бәрін қолдайды. Біз бәріміз сіздің бастамаларды қолдаймыз деп ойлаймын» деді Шавкат Мирзиеев.

Мирзиеев Нұрсұлтан Назарбаевты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта Өзбекстанға келуге шақырды. «Біз жиі кездесіп тұруға келістік. Сізді Өзбекстан қуана күтем» деді ол. 

Соңғы жаңалықтар