• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кино 24 Наурыз, 2017

«Олардың Жібек пен Төлегенді ойнайтынын білмедім»

407 рет
көрсетілді

Алматыдан қиянда қызмет істеп жүріп-ақ, мұқым қазаққа қадірі ортақ ғажайып кадрлар түсірген фототілші Болат Омарәлиевтің қоржыны қазынаға толы екенін бұған дейін де баяндап, оны фотоларымен дәйектегенбіз.

Қайталанбас сурет­терін кітап қылып шы­ғарып беремін деген демеу­шілерден, уәдесі көп әкім-қаралардан көңілі қалды ма, соңғы уақытта байырғы қызылордалық фототілші өзінің сирек фотоларын әлеуметтік желілерде жариялаумен шектеліп жүр. Әрқайсысы бір қаралық кадрлардың ішінен көзге оттай басылатын сәттер жарқ етіп шыға келеді. 

Сол жылдары өнер майталмандары деп айтуға кел­мейтін өндірдей жас Меруерт Өтекешова мен Құ­ман Тастанбековтің қо­сақ­тасып отырған кезін фо­то­тілші қалай тарихқа ай­нал­дырды екен?!

– 1969 жылы Алматыға оқуға құжат тапсыруға бардым. Бір жағынан «Қа­зақ әдебиеті» мен «Со­циалистік Қазақстан» («Еге­мен Қазақстан») га­зет­теріне фотоэтюдта­рым бұрқырап күнде шы­ғып жатқан кез. Сол жыл­дардағы «Социалистік Қа­зақ­станның» фототілшісі Сиез Бәсібековке жолығып, оқуға түсуге келгенімді айтсам. Ол кісі: «Саған оқудың керегі де жоқ. Сен дайын тұрған фототілшісің. Елге қайт!» дегені.

Жоғарыдағыдай әңгі­меден кейін оқуға тапсыруға көңіл соқпады. Содан ауылдасым – «Қоғалыкөлден» шыққан жерлес ағам Сұлтан Қожықовқа сәлем беріп кетейін деп «Қазақфильм» кино­студиясына келдім. Сұл­тан ағам сол жылы «Қыз Жі­бекті» түсіріп жүрген кезі екен.

Сұлтан ағамыздың жұ­мысы көп болып, ақыры ол кісіге жолыға алмадым. Сөйтіп, киностудия­да жүр­сем, бір бұрышта ажарлы қыз бен жігіт өте жарасып отыр. Дереу екі рет фотоға шыртылдатып түсі­ріп үлгердім. Бірінші кадр­да Меруерт көзін жұ­мып қалыпты. Екінші кадр­дағы осы сурет. Мен ол кез­­де екеуі­нің Жібек пен Төле­­генді ойнайтынын да, Ме­руерт пен Құман екенін де біл­ген жоқпын, – дейді фототілші.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген 

Болат ОМАРӘЛИЕВ

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар