• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Наурыз, 2017

Баһадүр батырдың ескерткіші бой көтерді

722 рет
көрсетілді

Ұлыстың ұлы күні қар­саңында Барқытбелдің баурайында қиядан қиқу төгілсе, аттың басын тартпаған, қисапсыз қол көрiнсе, қорқып жаудан қайтпаған (Бұқар жырау) баhадүр батыр, дарабоз қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырдың ең­селі ескерткіші бой кө­терді.

Үржар ауданы ор­талығының төрiнен қас­қайып орын алған тас мүсін көрген жанның кө­зiн сүйсіндiредi. Биіктiгi 10 метр, гранит тастан қа­­шалып жасалған ескерт­кішті жерлестеріне тарту еткен, осы өңірдiң тумасы, белгілі меценат Құс­ман Шалабаев.

–Жер-жерде атқа мiн­ген батырлардың ес­керт­кіштері көбейіп кетті.  Бiр-бiрiнен ажырата алмай­тындай жағдайға жеттік.  Сондықтан бұл ескерткішті тұрғызарда ба­тырларға қарата айты­латын білектің күші, найзаның ұшы деген сөзді назарға алдық. Хас батырдың қолына найза ұстатқанымыздың себебі осы, – дейді Атымтай жомарт азамат.

Ескерткіштің ашы­лу рәсімі өткен соң ға­лым­дардың қаты­суы­­­мен ғылыми-тәжі­ри­белік кон­ференция ұйым­дас­­тырылып, Абы­лай хан­ның бас батыры жайында құнды баяндамалар жа­салды. Тағылымды бас­қосуда сөз алған Үр­жар ауданының әкімі Се­рiк Зайнулдин биыл Қа­бан­бай батырдың 325 жыл­дығы екенін атап өтіп, өңірде бірқатар iс-ша­ралар өткізуді жоспар­лап отырғандарын жет­кізді.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар