• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Наурыз, 2017

Қазақстанның туристік әлеуеті голландтықтардың көзімен

441 рет
көрсетілді

Бреда қаласындағы Қол­данбалы ғылымдар уни­верситетінде (Солтүстік Брабант провинциясы, Нидерланд Король­дігі) Қазақстан елшілі­гінің бастамасымен «Қазақ­­стандағы туризм» тақырыбында жыл са­йынғы студенттер жұ­мыс­тарының ІІІ байқауы өтті.

Байқауға туризм және қонақ үй бизнесі факультетінің 100-ге жуық студенті қатысты. Іс-шараның мақсаты голландтық туроператорлар арасында Қазақстанның туристік әлеуетін ашып көрсету болды. Байқау шеңберінде Қазақстан жайлы көптеген мәліметтер көлденең тартылып, жоғары деңгейде еліміздің туристік әлеуетінің тұсаукесері ұйымдастырылды және қазақстандық туризм нарығының жағдайы мен даму болашағы таныстырылды.

«Қазақстандағы экотуризм» атты жобаны ұсынған команда байқау жеңімпазы болып та­ныл­ды. Жобада негізгі мәде­ни көрікті жерлер, Ұлы Дала­ның табиғи пейзажы мен ланд­шафтарының алуан түрлі­лі­гі, ежелгі тарихи мұралары мен заманауи архитектуралары бейнеленген.

Іс-шара кезінде экотуризмді дамыту, қоршаған орта мен та­биғи ресурстарды қорғау, сон­­­дай-ақ, Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық ма­ман­­­дандырылған көрмесінің тұса­у­к­есеріне де ерекше назар ауда­рылды, деп хабарлады Қа­зақ­стан Рес­пуб­ликасы Сырт­қы істер министр­лігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар