Тізімге 16 футболшы енді. Ал іріктеу кезеңіне жалпы саны 28 команда қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасы 6-топта Чехия, Македония және Дания құрамаларымен кездеседі. Ойындар 8-11 сәуір аралығында Алматыдағы «Алматы Аренада» кездеседі.
Негізгі кезеңге 12 команда қатысады. Еуропа біріншілігі 2018 жылдың 30 қаңтар – 10 ақпан аралығында Люблян қаласында өтеді.
Қақпашылар: Григорий Шамро («Ақтөбе»), Игита («Қайрат»);
Алаңдағы ойыншылар: Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Шыңғыс Есенаманов, Михаил Першин, Дуглас (барлығы - «Қайрат»), Антон Рындин, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де - «Аят»), Альберт Акбаликов, Қайрат Иманалин (екеуі де - «Ақтөбе»), Арнольд Кнауб, Дәурен Тұрсағұлов, Александр Довгань, Біржан Оразов (бәрі - «Жетісу»), Лео («Спортинг», Португалия)