• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Наурыз, 2017

Еуро-2018. ​Футзалдан Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

160 рет
көрсетілді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Жозе Алесио Да Силва 2018 жылы Словенияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.

Тізімге 16 футболшы енді. Ал іріктеу кезеңіне жалпы саны 28 команда қатысады. Қазақстан ұлттық құрамасы 6-топта Чехия, Македония және Дания құрамаларымен кездеседі. Ойындар 8-11 сәуір аралығында Алматыдағы «Алматы Аренада» кездеседі.  

Негізгі кезеңге 12 команда қатысады. Еуропа біріншілігі 2018 жылдың 30 қаңтар – 10 ақпан аралығында Люблян қаласында өтеді. 

Қақпашылар: Григорий Шамро («Ақтөбе»), Игита («Қайрат»);

Алаңдағы ойыншылар: Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Шыңғыс Есенаманов, Михаил Першин, Дуглас (барлығы - «Қайрат»), Антон Рындин, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де - «Аят»), Альберт Акбаликов, Қайрат Иманалин (екеуі де - «Ақтөбе»), Арнольд Кнауб, Дәурен Тұрсағұлов, Александр Довгань, Біржан Оразов (бәрі - «Жетісу»), Лео («Спортинг», Португалия)

Соңғы жаңалықтар