• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Наурыз, 2017

​Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

190 рет
көрсетілді

Қанат Дүйсенбайұлы Төсекбаев конкурстық негізде және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ол 35 жаста, білімі жоғары. 2005 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін, 2008 жылы Ганновер жоғары медицина мектебін бітірген. АҚШ-та «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша іс-тәжірибеден өткен. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. 

Қанат Төсекбаев еңбек жолын жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып бастаған. 

2008-2009 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма басшысының кеңесшісі, 2009-2010 жылдары «Астана медициналық университеті» АҚ-да бас маман, 2010-2013 жылдары Астана қалалық жедел жәрдем стансасында бас дәрігер, 2013-2015 жылдары «Алматы» санаторийі» АҚ басшысы, 2015 жылдан бері Алматы қаласында балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарды. 

Қанат Дүйсенбайұлының емдеу ісінде, денсаулық сақтау саласында, басқарушылық жұмыста іс-тәжірибесі, ұйымдастырушылық қабілеті бар. Осыған орай облыс әкімі Алтай Көлгінов жаңа басшыға нақты тапсырма жүктеді. 

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың денсаулық сақтау саласын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында нақты тапсырмалар бергені мәлім. Өткен жылы облыста 215 әлеуметтік нысан күрделі жөнделсе, соның дені – денсаулық сақтау мекемелері. Әсіресе, аудандарда ауруханалар мен медициналық пункттерді жаңарту жұмыстары жүргізілді. Қалалық көп бейінді аурухана ашылды. Жедел жәрдем стансаларына, алыс елді мекендерге арнайы көліктер алынды. Мұндай жұмыстар биыл да жалғасады. Елбасының шешімімен жақында Денсаулық сақтау министрлігі қайта құрылды. Мемлекет тарапынан барынша қолдау жасалуда. Сондықтан өңірде осы саланың жұмысын ұйымдастыра білу қажет», – деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар