Алматыда өткен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған конференцияда бірқатар өзекті мәселелер сөз болды.
Мамандар студенттер мен мигранттар арасындағы жұқпалы ауруды анықтау мен емдеудің қолжетімділігін талқылады. Жаңа дәрілерді қолдануға да тоқталды. Туберкулезге қарсы күреске биыл мемлекеттен 35 миллиард теңге бөлу қарастырылған.
«Жалпы Қазақстанға келсек, өткен жылдың нәтижесі бойынша туберкулездің аурушаңдығы 9,9 пайызға төмендеп, ал оның таралуы яғни бірінші рет ауырған мен рецидивтік түрлері 13 пайызға төмендеп отыр. Балалардың арасында туберкулездің таралуы 21,6 пайызға төмендеді. Ал туберкулездің салдарынан болатын өлім-жітім 17 пайызға төмендеп отыр», дейді Жұмағали Исмаилов.