Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовпен (17-2, 11 КО) кубалық Юниер Дортикостың (21-0, 20 КО), жепе-жегі өтетін күн жарияланды, деп хабарлайды Boxeo Cubano.
Басылымның ақпараты бойынша, Шүменов - Дортикос айқасы 29 сәуірде Лас-Вегаста өтеді.
Бұдан бұрын Шүменов - Дортикос жекпе-жегі ақпан айына белгіленген болатын, бірақ промоутерлік Caribe Promotions компаниясы өзінің кездесуді ұйымдастыру құқығынан айырылып, айқас белгісіз уақытқа шегерілген болатын.
Еске сала кетсек, Шүменов бірінші ауыр салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы, ал Дортикос – уақытша чемпион.