• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 25 Наурыз, 2017

Промоутер Головкин-Альварес жекпе-жегі қайда өтетіні туралы айтты

144 рет
көрсетілді

К2 Promotions промоутерлік компаниясы мен Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек қайда өтетінін айтып берді. Бұл туралы TMZ.com порталына сілтеме жасап Vesti.kz хабарлайды.

«Головкин-Альварес жекпе-жегінің өтетін жері туралы айтатын болсақ, біз бұл мәселені Golden Boy промоутерлік компаниясы шешеді деп келістік. Головкинге жекпе-жекті қай жерде өткізетіні маңызды емес. Оның Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденде» де жанкүйерлері көп. Сонымен қатар Джерри Джонс («Даллас Ковбойз» командасының қожайыны) Головкиннің жекпе-жегін Далласта өткізгісі келетінін айтты.

Тағы бір нұсқа ретінде Лас-Вегастағы «Даллас Ковбойз» казиносындағы T-Mobile Arena аренасы айтылып жатыр. Бірақ таңдау Альварестің командасында», - дейді Леффлер.

Соңғы жаңалықтар