Британияның Ливерпуль қаласының маңындағы Нью-Ферри қаласында болған қайғылы жағдайдан жәбірленгендер саны 32-ге жетті.
Бұл туралы жергілікті жедел жәрдем қызметі Twitter парақшасында мәлімдеді.
«Оқиғаны жаңарту: 30 адам жеңіл жарақатпен және 2 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін The Mirror газеті Нью-Ферри қаласында газ жарылып, 24 адам жәбірленгені туралы хабарлаған болатын. Басылымның мәліметінше, жарылыс Қытай рестораны мен би студиясында болып, ғимарат толықтай жанып кеткен.
Айта кетейік, жарылыс жергілікті уақыт бойынша 21:15- те болған.