Бұл туралы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени
ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы жарияланған expo2017culture.kz сайтында хабарланды.
Концерт елордадағы «Астана-Арена» стадионында 27 маусым күні кешкі 19:00-де басталып, 2 сағатқа созылады деп жоспарланған. Билеттер жақында сатылымға шығады.
Айта кетейік, I Am a Singer жобасына қатысып жатқан Димаш оныншы кезеңде "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі, ал сөзін жазған Орал Байсеңгір. Осылайша байқаудың финалына жолдама алды.