• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2017

Павильондар кідіріссіз тапсырылуда

300 рет
көрсетілді

Таяуда Қытай Халық Республикасы мен Авс­трия мемлекетінің өкіл­дері елордада өте­тін ЭКСПО-2017 халық­аралық маман­дан­ды­рыл­ған көрмесіндегі павильондарын көпшілікке таныстырды. Қос елге тие­сілі ғимараттарда ішкі құ­ры­лыс жұмыстары қызу жүруде.

Биыл Астанада ұйымдас­ты­рылатын маңызды шараға қаты­су­шы мемлекеттерге тиесілі павиль­ондардың аумағы 78 мың шар­шы метрді құрайды. Жалпы, көр­ме­де халықаралық 52 жеке және 6 біріктірілген павильон болад­ы. Ең ірі павильондар­дың бірі күнгейдегі көршіміз­дің ен­ш­ісінде. Оның аумағы, екі қабат­ты қосқанда, 2 мың шаршы метр­ге жетіп жығыла­ды. Бүгінде аталмыш алаң­да құрылыс жұ­мыс­тарды қызу жүргізілуде. 

Қытай­лықтар көрмеде «Бо­ла­шақ энергиясы. Жасыл жібек жолы» тақырыбы аясын­да энер­гетика саласындағы ин­но­ва­­ция­лық технологияларды көрсет­пек. Сол елдің халық­­ара­лық сау­да палатасы дирек­торы, Ұлт­тық павильон конструктивті тобы­ның басшысы Дже Джие­нің айтуынша, ҚХР-дың ЭКСПО-2017 көрмесіне қаты­суға деген құлшынысы жоғары. «Павильонымыздың ауданы өте үлкен. Оның аумағы 1053 шаршы метрді құрайды. Қазақстан тарапы тапсырған павильонды қабылдап алдық. Бізге тиесілі аумақтағы құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Құрылыс мамыр айының соңын­да аяқталады», дейді ол.

Дже Джие Қытай павильонында қандай инновациялық технологиялар қойылатынын да жеткізді. Бұл аумақта Аспан­асты елінің жасыл энергетикада жеткен жетістіктері, баламалы энергетика саласындағы ин­нова­циялық технологиялар көп­шілік назарына ұсынылады. Бү­гінде ең ірі 10 компания осы са­ла­да жұмыс істеп жатқан кө­рі­­не­ді. Ал ЭКСПО-2017 көр­ме­­с­і­не 25 қала­ның кәсіпкері шақырылған.

Австрия мемлекетінің павильонын таныстырған сол елдің Қазақстандағы елшісі Герхард Сайллер жұмыстардың көрмеге дейін аяқталатындығын алға тартты. «Павильонымыз көрме ашылғанға дейін дайын болады. Біздің халықаралық шарадағы тақырыбымыз «Ақыл, жүрек, денедегі күш» деп аталады. Австрия энергияның 37 пайызын судан, 10 пайызын желден, ал қалғанын биомассадан алады. Павильонымыздың құны 5 миллион еуроны шамалайды. Аумағы да шағын емес, 900 шаршы метрді құрайды», деді ол.

Елші Австрия павильонының негізгі ерекшелігін де атап өтті. «Елімізде арнайы конкурс өткіз­ген болатын. Нәтижесінде VM ар­хи­текторлық тобы жеңіске жет­ті. Олар ЭКСПО-2017 көрме­сін­­дегі Австрия павильонының ди­зай­нын жасады. Біз мәдени іс-ша­ралар да ұйымдастырамыз. Со­нымен қатар, көрме аума­­ғын­д­а қонақтар үшін арнайы де­ма­ла­тын орын болады», деді Г.Сайллер.

Баспасөз туры барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Халықаралық қатысушылармен байланыс департаментінің директоры Илья Оразақов көрме қауіпсіздігін сақтау мақсатында тиісті жұмыстардың атқары­лып жатқандығын әңгімеледі. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу­ға ниет білдірген 115 мемле­кет­тің 103-іне павильон берілді. 12 павильон тапсырылуға дайын. Осы айдың соңына дейін бар­лық көрме аумағын иелеріне өт­кі­зетін боламыз. Елдердің та­лап-тілектерін де ескерудеміз. Мә­­се­­лен, кей мемлекеттер өз­де­рі­­­нің павильоны үшін электр қуа­­­тын көбейтуді сұрайды. Кей­бірі өз аумағына күрделі конс­т­рук­­ция­ларды қоюға өті­ніш ай­ту­­да. Қа­уіп­­сіздікті сақ­тау мақ­­са­тын­да бұл талаптар қа­на­­ғат­­­тан­дырылған жоқ», деді директор.

Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар