• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2017

Конституциялық өзгерістер туралы хабарланды

250 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров екіжақты консультациялар шеңберінде Страсбургтегі (Франция) Еуропа кеңесінің Хатшылығында болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.

Консультациялар бағдарла­масы Омбудсменнің Хатшы­лықтың сыртқы байланыстар, сот төрелігі және құқықтық ынтымақтастық жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі комиссар басқарма­сы­ның, Еуропалық сот тір­кеу ор­нының және Венеция ко­мис­сиясының басшыларымен бір­қатар кез­десулерін қамтыды.

Келіссөздер барысында Еуро­палық одақ пен Еуропа кеңе­­сі­нің Қазақстанның сот төре­­лігі жүйесін жетілдіруге көмек көрсету жөнінде бірлес­кен бағдарламасын жүзеге асы­­ру ба­рысы талқыланды. Кон­суль­та­цияларға қатысушылар жоғарыда көрсетілген бағ­дар­лама шеңберіндегі ынты­мақ­­тастықтың тиімділігі туралы ортақ пікір білдірді.

А.Шәкіров әріптестеріне Қазақстан Республикасының Негізгі Заңына енгізілген Ом­бу­дсменнің жаңа консти­ту­ция­лық мәртебесіне және алд­ағы уақытта Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Парламентінің Сена­ты­мен оны сайлау тәртібіне бай­­ланысты өзгерістер туралы то­лықтай хабардар етті.

Еуропа кеңесінің өкілдері Қазақстанда болып жатқан өз­герістерге жоғары баға берді.

Соңғы жаңалықтар