Жартылай финалдың жолдамасы үшін болған сында ЖХЛ тұрақты чемпионатының жеңімпазы «Торпедо» Санкт-Петербургтің «Динамо» командасын жеті матчтан тұратын серияда 4:3 есебімен ұтқан болатын.
Енді өскемендіктер жартылай финалдың алғашқы екі кездесуін 28-29 наурыз күндері өз айдынында өткізеді. Келесі екі матч 1 және 2 сәуір күндері Түменде ойналады. Егер бұл кездесулер жеңімпазды анықтамайтын болса, онда 5, 7 және 9 сәуір күндері ойындар сериясы жалғасын табатын болады.
Екінші жартылай финалда Динамо (Балашиха) мен «Зауралье» (Қорған) командалары күш сынасады.
Еске салар болсақ, «Торпедоға» кез болған қарсылас – «Рубин» клубы 2011 жылы Братина кубогын ұтып алған азулы да тәжірибелі ұжым. Бұдан бөлек, түмендіктер 2013-14 маусымда да турнирдің финалына шыққан. Бірақ ол жолы «Рубин» Қарағандының «Сарыарқасынан» ұтылған болатын.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»