• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Наурыз, 2017

Өзара байланыстар өрістей түспек

181 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-Ми­нистрінің бірінші орын­басары Асқар Мамин Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-премьері шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен кездесті.

Келіссөздер барысында Қазақ­­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БАӘ-ға үстіміз­дегі жылдың 15-16 қаңтарында жасаған ресми сапарының аясында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысының алдын ала нәтижесі, оған қоса, ынтымақтастықтың маңызды бағыттары бойынша бірлескен инвестициялық жоба­ларды пысықтап, іске қосу мәсе­лелері талқыланды.

Кездесуде Атырау облы­сын­дағы жылдық қуаттылығы 800 мың тонна полипропилен шы­ғаруға жететін мұнай-газ-химия кешені құрылысының жобасына баса назар аударылды.

Бұдан бөлек, Әбу-Даби мен Дубайдың индустриялық аймақ­тары мен дамушы қала­ларын Сауд Арабиясының шекарасымен байланыстыратын, ұзындығы 406 шақырым болатын темір жол құрылысының жобасы қаралды. Айта кетейік, көлік-логистика саласында Әмірліктер аумағын­да бірлескен инфрақұры­лым­дық жобаларды іске асыру­ға «Қа­зақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ пен «Etihad Rail» ұлттық те­мір жол компаниясының (БАӘ) қаты­суы қарастырылған. Соны­мен бірге, Қазақстандағы әуежай ин­ф­ра­құрылымын «Abu Dhabi Airports Corporation (ADAC)» компаниясымен бірлесіп дамыту мәселесі талқыланды.

Қаржы саласында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен «Mubadala In­vest­ment Company» мемлекеттік инвес­тициялық компаниясы ара­сында жалпы жарғылық ка­пи­талы тең үлесте 500 млн АҚШ дол­лары бо­латын, кейіннен 1 млрд АҚШ дол­ларына дейін ұл­ғай­тылатын, Қазақ­стан-БАӘ бір­лескен инвес­ти­ция­лық қорын жа­қын арада құ­ру­­ға әзірлік жұмыс­тары құпталды.

Сондай-ақ, БАӘ-нің Атом энер­­­гетикасы жөніндегі кор­по­­ра­­­циясы (ENEC) мен «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ ара­­­­сын­да атом қуатын бейбіт мақ­­сатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарал­ды. Айта кетейік, бұл сала бойын­ша БАӘ-де құрастырылып жат­қан және құрылысы жос­пар­ланған реакторлардың қажеттілік­терін қам­тамасыз ету мақ­сатында Қазақ­станнан таби­ғи уран, байытылған уран өнімдері түрінде шикізат жеткізу көзделуде.

Кездесудің қорытындысы бо­йынша Әмірліктер тарапы өзара ын­ты­мақтастықтың басым бағыт­тары бойынша қолға алынған бір­лес­кен жобаларды ілгерілету үдер­і­сіне көңілдері толатынын, Қазақ­­стан жағының биыл 22 ма­мырда Астанада Қазақстан-Әмір­лік­­тер бизнес-форумын өткізу ту­ра­­лы бастамасын ерекше атап өтті.

Келіссөздерге Қазақстан Энер­гетика министрі Қ.Бозымбаев, «Қазақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ пре­зиденті Қ.Алпысбаев, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ бас­қар­ма төрағасы А.Жұмағалиев және Қазақстанның БАӘ-дегі ел­шісі Қ.Лама Шәріп қатысты.

Дайындаған

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар