• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2017

Бүгін еліміздің кей жерлерінде ауа райы жаңбырлы болады

297 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, оңтүстіктің кей жерлерінде найзағай ойнайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, желдің күші 15-20 м/с дейін артады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 17-22, екпіні 27 м/с дейін жетеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар