Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам лақап атының жазылуын өзгертті.
Енді латын қаріптерімен QAZAQ деп жазылады. Ал оқылуы сол баяғыдай ҚАЗАҚ. Бұдан былай шортының алдынан KAZAKH емес QAZAQ деген жазуды көретін боласыздар.
Айта кетейік, Қанат Ислам жаттығуын бастады. 10 күннен кейін келесі жекпе-жектің уақыты мен күні және қарсыласы белгілі болады. Бұл титулды жұдырықтасу болуы мүмкін. Келіссөздер жүргізілуде.