АҚШ-тың мәнерлеп сырғанаушысы, әлемнің үш дүркін чемпионы әрі Олимпиада чемпионы Илья Малинин спорттық мансабында үзіліс жасауы мүмкін. Бұл туралы ол Халықаралық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 жастағы спортшы Олимпиадаға дайындықтың өте ауыр өткенін айтып, енді біраз уақыт демалғысы келетінін жеткізді. Оның сөзінше, соңғы төрт жыл бойы үлкен қысыммен дайындалғандықтан, жарты маусымға немесе одан да ұзақ уақытқа үзіліс алуы мүмкін.
«Мен мәнерлеп сырғанаудан біраз демалғым келеді. Олимпиада алдындағы соңғы төрт жыл өте қиын өтті. Сондықтан жарты маусымға болсын, әлде одан да ұзақ уақытқа ма – бәрі өз жағдайыма байланысты болады», деді Малинин.
Милан Олимпиадасы алдында америкалық спортшы ерлер арасындағы жекелей сында басты фавориттердің бірі саналып, қысқа бағдарламадан кейін көш бастап тұрған еді.
Еске салайық, Михаил Шайдоров халықаралық сыйлыққа үміткерлер тізіміне енген еді.
Сондай-ақ, Михаил Шайдоровқа Олимпиададағы жеңісі үшін үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды.
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады