• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бизнес 28 Наурыз, 2017

Айналымдағы алқаптар өңделіп жатыр ма, шөл болып жатыр ма?

314 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жер ресурс­тарын тиімді пайдалану қажеттілігін әрдайым айтып отырады. Бұл өте маңызды мәселені шешу­дің жолдары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалып, оның 35 және 36-қадамдары ауыл­­­шаруашылық жер­ле­рін нарықтық айна­лым­ға жіберу және жер телім­дерін пайдалану мақ­­сат­тарын өзгерту жа­йын жеңілдетуге арналған.

Бұл күнде Қарағанды өңірі жер­ді пайдалану мен оны қор­ғау мақсатын­да қандай іс-шара­ларды жүзеге асыру­да? Мем­ле­кеттік бақылаудың Қара­ған­ды облысы бойынша нәти­же­лері қандай? Кімнің жері өң­деліп, кімнің жері шөл бо­лып жа­тыр? Жуырда Қара­ған­ды об­лысының жердiң пай­дала­нылуы мен қорғалуын бақы­лау басқармасы «Облыста мем­ле­кеттік жерлерді пайдаланылуы мен корғалуы» тақырыбында брифинг өткізді. 

Басқарма басшысы Саяш Ахметовтің мәлімдеуінше, жеке және заңды тұлға, мемле­кет­­тік органдар бойынша 2016 жылы 1894 өтініш, арыз және сұ­раныс хаттар қарастырылған. Есепті кезеңде 520 тексеру іс-ша­ра­­лары 617,1 мың шар­шы ша­­қы­рым көлемінде жүргізілген.

Тексеру нәтижелері бойын­ша 563,1 шаршы шақырым жер көлемінде 435 заң бұ­зу­шылықтар анықталып, 180 заң­­ды және жеке тұлғаларға қатыс­ты 37,7 млн теңге әкімші­лік айыппұл салынған.

Мемлекетті ауыл шаруа­шылығы мақсатындағы жер­­лерді ұтымды әрі тиім­ді пай­далану жағы алаң­да­та­ды. Саяш Ахметовтің баян­да­ма­сында айтыл­ғандай, жер те­лім­дерін түгендеу ба­ры­сында об­лыс бойынша 260 ауыл­шаруа­шылық субъек­ті­лері­нің жалпы алаңы 533,1 мың гек­тар жерінің пайда­ланыл­май жат­қаны анықталған және тиімсіз пайдаланылған алқап­тарға тексеріс жүргізілген. Қа­дағалап тексеру нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақ­­са­­тын­дағы алаңы 46,9 мың шар­­шы ш­ақы­рым жердегі 11 су­бъек­­ті жер заңын бұзуын тоқ­татқан.

Қабылданған шаралар­дың нәти­жесінде, 88,5 мың шар­­шы шақырым болатын күтімсіз қалған тың жерлер ауыл ш­аруа­шылығы айналымы­на ен­гі­зілген. Ол облыстағы жал­пы егістік­ке жарамды жер­лер­дің 22,7 пайы­зын құрай­тын көрі­неді. Негізінен мұн­дай жағ­дай­да құқықтық түсіндіру жұмыс­тары жү­йе­лі жүргізілгені дұрыс. Ол ретте басқарма та­ра­­пы­нан бір­ша­ма нақты қадам­­дар жасал­ған. Былтыр­ғы жыл­­дың 28 қарашасы мен 2 жел­тоқ­саны аралығында түсін­діру тобы Абай, Қар­қ­аралы, Нұра, Осакаров және Ұлытау аудан­дарында осы бағыттағы жұ­мыс­­тарды жалғастырған.

Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Соңғы жаңалықтар