• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бағдарламалар 28 Наурыз, 2017

​Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

800 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

2016 жылғы 26 желтоқсан               №852              Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.САҒЫНТАЕВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы

№852 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Қазақстан Республикасында электрондық сауданы жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі №786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №33, 368-құжат).

2. «Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы №2042 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №57, 498-құжат).

3. «Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы №2042 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы №59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №13, 233-құжат).

______________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2016 жылғы 27 желтоқсан                 №861                 Астана, Үкімет Үйі

«Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1181 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №85-86, 620-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыс­тардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.САҒЫНТАЕВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27желтоқсандағы

№861 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы

№1181 қаулысымен бекітілген

Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі

1. Өндірілетін тауарлар:

1) төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрастар, жамылғы, әртүрлі жастықтар, сүлгі, майлықтар, жастық тыстары, матрасқа арналған тыстар, жаялықтар;

2) мақтадан жасалған күртеше, мақтадан жасалған жылы шалбар, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы күртеше, бүркемеленген далалық костюм, шалбар;

3) мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далалық күртеше, дәнекерлеуші костюмі, аккумуляторшы костюмі, жұмыс комбинезоны;

4) аспаз костюмі, наубайшы костюмі, түрлі қалпақтар;

5) түрлі халаттар, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім, сигналдық кеудеше, хирургиялық костюмдер, мақта-матадан жасалған бахилалар, өндірістік және шаруашылық персоналдың нысанды киімі, көрпе;

6) әртүрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, шұлғаулар, әртүрлі ішкі жейделер, әртүрлі жейделер;

7) түрлі үшкіл орамалдар, беторамал, жаға астары, қолғаптар;

8) перделер, шымылдықтар, түрлі қаптар;

9) құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар;

10) орайтын қораптар, архив қораптары;

11) ағаш бұйымдар.

2. Өндірілетін және (немесе) берілетін тауарлар:

1) тифлотехникалық құралдар;

2) жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар;

3) міндетті гигиеналық құралдар.

3. Орындалатын жұмыстар:

1) жиһаз жасау;

2) көгалдандыру.

4. Көрсетілетін қызметтер:

1) мүгедектерге арналған оңалту техникасын (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш құрылғылар мен механизмдер, телерадиоаппаратура) жеткізу, құрастыру, жөндеу және оған қызмет көрсету;

2) мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған көлік құралдарын жөндеу және қызмет көрсету;

3) мүгедектердің демалысын және санаторий-курорттық емдеуді ұйымдастыру;

4) орын-жайлар мен аумақтарды жинау, клинингілік қызметтер;

5) абаттандыру, көгалдандыру;

6) полиграфиялық көрсетілетін қызметтер.

______________________________________________________________________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2016 жылғы 28 желтоқсан                №866                Астана, Үкімет Үйі

«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №3, 40-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:

«Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 5-бөлімде: ескертпелер мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда штат санының лимиті шеңберінде ұйым басшылары қажет болған жағдайда лауазымдардың штат бірліктерін ауыстыруды жүзеге асыра алады.»;

«Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» деген 8-бөлім: мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:

«33. Білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар орта білім беру ұйымдарында білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыруға қажетті жағдайлар болған кезде конкурс қорытындысы бойынша көрсетілетін кызмет берушілер болмаған жағдайда жергілікті бюджет есебінен ас әзірлейтін бөліктердің қызметкерлерін (аспазшылар, асхана қызметкерлері, қоймашы) енгізуге жол беріледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.САҒЫНТАЕВ

_______________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2016 жылғы 28 желтоқсан               №868               Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 15 мамырдағы №489 және «Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 29 мамырдағы №531 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы №489 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №33, 499-құжат);

2) «Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы №531 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №35, 517-құжат).

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

_______________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2016 жылғы 28 желтоқсан                   №880                 Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және 148-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосылу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып бақылау кеңесін енгізу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

3. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысын бекітуге енгізсін;

2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №38, 461-құжат.):

көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 134 және 139-жолдар алып тасталсын;

2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі №1005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №59-60, 551-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:

реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«16. «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы»;

«2. Қазыналық кәсіпорындар» деген бөлімде:

реттік нөмірі 6-жол алып тасталсын.

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

_______________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2016 жылғы 28 желтоқсан             №881               Астана, Үкімет Үйі

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Солтүстік Қазақстан облысының мынадай білім беру ұйымдарына:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне - Искандер Даутовтың есімі;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавл темір жол көлігі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық білім кәсіпорнына Бәйкен Әшімовтің есімі берілсін.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Березовка негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Филипп Чижиков атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.САҒЫНТАЕВ

_______________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2016 жылғы 28 желтоқсан              №884               Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы №10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі №753 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы №10 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі №753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №45, 435-құжат; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., №1-2, 10-құжат; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., №37-38, 227-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халық­аралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары 2016 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды, жылжымайтын мүлік объектілері мен СОО пайдалануға беруді, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілеріне әрбір қатысушының салымына пропорционал меншік құқығын және СОО үлестік ортақ меншікті тіркеуді қамтамасыз етеді.»;

12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 2016 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды, жылжымайтын мүлік объектілері мен СОО пайдалануға беруді, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілеріне әрбір қатысушының салымына пропорционал меншік құқығын және СОО үлестік ортақ меншікті тіркеуді қамтамасыз ету;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.САҒЫНТАЕВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2016 жылғы 28 желтоқсан                №886                Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы №366 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қайта аталсын.

2. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы осы қаулыға қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқын­далсын.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) заң­намада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы

№886 қаулысына қосымша

Қайта аталатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесі

1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

2. «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Инженерлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

3. «Қазақстан Республикасы Парламент! Шаруашылық басқармасының Автошаруа­шылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы

№886 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1. «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №1125 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағидада:

6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Парламентінің палаталары аппараттарында, Орталық сайлау комиссиясында, Конституциялық Кеңесінде, Жоғарғы Сотында, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығында - тиісті басшы;».

2. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1078 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №64, 581-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттерден қорғайтын аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесінде:

реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашы­лығы.».

3. «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде:

2-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Консти­туциялық Кеңесінің, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президент! Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Материал­дық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылмайды.».

________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2016 жылғы 28 желтоқсан            №887            Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы 28 желтоқсандағы №887 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., №23-24, 228-құжат).

2. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 наурыздағы №359 қаулысы.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 маусымдағы №916 қаулысы.

5. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 желтоқсандағы №1668 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Респуб­лика­сының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №47, 563-құжат).

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 қаулы­сына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 ақпандағы №216 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., №6, 53-құжат).

7. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №1036 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

8. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы №1267 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., №43, 429-құжат).

9. «Қазақстан Республикасының Премьеp-Министрi Кеңсесiнің «Ақпараттық қауіпсiздік саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы №435 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №19, 191-құжат).

10. «Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 және 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы №248 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №13, 139-құжат).

11. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 маусымдағы №568 қаулысы.

12. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі №743 қаулысы.

13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 және 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы №1185 қаулысы.

14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы №1306 қаулысы.

15. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы №49 қаулысы.

16. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 және 2003 жылғы 11 ақпандағы №148 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы №745 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №29, 315-құжат).

17. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 наурыздағы №198 қаулысы.

18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі №281 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №11, 130-құжат).

19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы №745 қаулысы.

20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі №827 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №34, 386-құжат).

21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 наурыздағы №308 қаулысы.

22. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі №332 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №19, 177-құжат).

23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы №288 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі №379 қаулысы.

24. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 шілдедегі №684 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №32, 337-құжат).

25. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілде­дегі №725 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №34, 357-құжат).

26. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жыл­ғы 11 қыркүйектегі №839 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №38, 407-құжат).

27. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы №1227 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

28. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқcандағы №289 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 наурыздағы №388 қаулысының 8-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №17, 141-құжат).

29. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі №480 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №18, 160-құжат).

30. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы №913 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №30, 271-құжат).

31. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 қаулы­сына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыз­дағы №1189 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №35, 335-құжат).

32. «Кеңселік жиһаз сатып алуға арналған нормативтерді белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1209 қаулысы.

33. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы №1541 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №41, 403-құжат).

34. «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 қаулысының 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №28, 349-құжат).

35. «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №28, 349-құжат).

36. «Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №756 қаулысы.

37. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №136 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі №1090 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер және толықтырулардың 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №54, 778-құжат).

38. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 және «Мемлекеттiк органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшiн тиесiлiлiк нормалары және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы №335 қаулыларына толықтырулар

Соңғы жаңалықтар