• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 31 Наурыз, 2017

Әуе кеңістігі және авиация қызметі мәселелері талқыланды

370 рет
көрсетілді

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік ко­ми­тетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасының мақсаты азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы­ның заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ, оны Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына­ сәй­кес келтіру болып табылады. Заң жоба­сы әуе кеңістігін және авиация қызметін пай­далану саласындағы бақылау мен қа­­­дағалауды күшейтуге, көр­сетілетін қыз­­­меттердің сапасын көтеру мен ұшу қа­у­іпсіздігін қамтамасыз етуде жауап­ты­лық­­ты арттыруға бағытталған.

Заң жобасы аясында шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу, коммерциялық емес ұйымдарды тарту және әуе кемелерін пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетушілердің, авиациялық оқу орталықтарының қызметін қада­ғалау бөлігінде азаматтық авиация са­ласындағы уәкілетті органның құзыреті нақтыланады және толықтырылады. Авиация қызметкерлерін медициналық куәландыру жүйесін жетілдіру көзделеді, авиациялық медициналық орталықтарды сертификаттаудың жаңа түрі ұсынылады. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің қыз­меті реттеледі.

Заң жобасының бірқатар ережелері азаматтық авиацияда авиациялық қауіп­сіз­дік бағдарламасын енгізу, медициналық сар­апшыларға, аэронавигациялық қыз­мет көр­сетуді берушілерге және лауазым­ды адам­дарға жауаптылықты бекіту, сон­дай-ақ, сертификациялық тексеру ке­зін­­де санаттарды енгізу арқылы авиа­ция­­лық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ба­­ғытталған.

Одан басқа, заң жобасымен шағын авиа­цияны дамытуға, ұшқышсыз ұшатын аппараттарды есепке алуға, арнаулы ұшуға рұқсат алу мен әуе кемелерін пай­да­ланушыларға жалға беруде әкімшілік ке­дергілерді жоюға қатысты ережелер ен­гі­зіледі.

Заң жобасы палатаның қарауына жі­берілді, деп хабарлады Парламент Се­на­тының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар